Өлеңдер ✍️

  24.02.2022
  221


Автор: Абдрахман Асылбек

Туған жердің тасы

Қарағанды облысы Егіндібұлақ ауданының ақыны Кәрім Сауғабаевқа

Туған жердің тасы да қамбат маған,
Туған жерсіз таң атып, күн батпаған.
Алғаш кесіп анашым кіндігімді,
Осы жерде бесікке құндақтаған.
Туған жерде мен алғаш тәй-тәй басып,
Байқай басып,



Артынан шайқай басып,
Көтеріліп биікке көппен бірге,
Кіріп кеткем қауымға айқайласып.
Туған жерім түу бастан тірек болған,
Тірек болған –
Жалынды жүрек болған.
Тауларымның бір тасы құлап түссе,
Тоқтатамын дегенмін тіреп қолдан.
Ерекше бір Едірей тауым әсем,
Тауым десем болады, бауым десем.
Батырларым жүргенде, ақындарым,
Баурайында кетпеген жауымда есем.
*Дәрілік – аптечка мағанасында
Қатпар-қатпар тастары құз қалаған –
Көрпелерден аумайды қыз қалаған.
Осыншама табиғат сұлулығын
Өмірінде оңбайды бұзған адам.
Көңіліммен өмірге ғашық күйде,
Емін-еркін жүр едім ашақ күнде.
Машинаға біреулер тиеп жатты,
Әкетердей тау-тасын тасып мүлде.
Кім де болса жанына батар қандай?
Тау тасы емес, тәнімді қопарғандай.
Жауыздардың жанына жетіп бардым,
Найзағайдан жарқ етіп, от алғандай.
Жағаласпай, жұлқыспай жараса ма?
Машинаға атылдым бара сала.
Жерге қарай лақтырдым кезегімен
Әрбір тасты шетінен ала сала.
Шынымен-ақ састы ма біліп мәнді?
Тиеушілер аңырып тұрып қалды.
Қимылымды көрген соң миға симас,
Барлығы да қарқылдап күліп те алды:
«Ақымақ-ау,
Тектен-тек сызданбағын,
Тегін жатқан нәрсені қызғанбағын.
Мың жыл тасы – тау тасы таусылмайды,
Қанша кертіп шетінен бұзғанда бұл».
«Басты шауып,
Қолымды қырқасың ба? –
Алдырмаймын тауымның бір тасын да.
Жүрсем болды жалынды жырға қосып,
Туған жердің қыры мен қырқасын да.
Қорымай ма қызғыш та туған көлін,
Алтын бесік аялы – туған жерім.
Тәттімбет пен Мәдилер мекендеген,
Едірейдің етегі – думанды елім.
Жанталасу мұндайда жөн-ау шығар,
Жүре берді жолымен жолаушылар.
Айтыңдаршы ағайын,
Не істемейді,
Ерік берсең, есірік тонаушылар?»




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу