Өлеңдер ✍️

  24.02.2022
  282


Автор: Әліпов Айтбек Рымбекұлы

Алпыс деген күдер үзер шақ емес

О о жаным,


Олай десен қателесіп тұрғаның.


Білмейсінбе,


Әлдилесе тұрарың.


            Еркелетіп,


            Ебін тапсаң еркектің.


            Жасқа қарап тұрғаны жоқ тентектің,


            Тентектігі басылмайды еркектің.


Алпыс деген,


Қарттық жеткен шақ емес.


Алпыс деген сен ойлаған,


Күдер үзер шақ емес.


            Алпыс деген,


            Нар қайраттын бар шағы.


            Зымырандай зуылдап,


            Кернеген бойды  күш-қуат.


Алпыс деген ренжітпейді,


Жүрегімен түсінеді, үлкен менен кішіні.


Кетсе күдік қуанарсың, шаттанарсың,


Әлі талай шындардан бақ табарсын.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу