24.02.2022
  2255


Автор: Әліпов Айтбек Рымбекұлы

Әпке сенің туған күнің

 


Күнтізбені ашсам бүгін,


Әпке сенің туған күнің.


Атқан таңның әсемдігін,


Сонда білдім, сонда білдім.


            Көрмесемде сезем Әпке,


            Сен туғанда барша жұрттың қуанғаның.


            Бүгін мен де қуанамын,


            Құттықтауға мен сені асығамын.


Шаттық кернеп бойымды шаттанамын.


Әр кезде де, Әпкем бар деп мақтанамын.


Ол сенің ұлылығын, даналығын,


Ешбір жанға ұқсамайтын даралығын.


            Жаратқаннан тілейтінім бір өзіне,


            Өлшемі жоқ өмір берсін.


            Бақыты мен байлығын,


            Ырзығы мен бірге берсін.


Қара шашын ағарып,


Ақ жаулыққа оралып.


Нұрға толсын жүзініз,


Ортамызда аман-есен жүрініз.


            Қадірін асып, мерейін тасып,


            Тоқсанға келген шағында.


            Қолыннан ұстап, қолтықтан сүйеп,


            Шөберен жүрсін қасында.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу