Өлеңдер ✍️

  24.02.2022
  469


Автор: Дәулеткерей Кәпұлы

РИНАТ ЗАЙЫТОВ ПЕН ДӘУЛЕТКЕРЕЙ КӘПҰЛЫ айтысы

Ринат:
Сақал екен дегенде сақал екен,
Біздің жақта осындай мақал екен.
Әке тұрып, ұл сөйлеу қай жерде бар,
Маған баста дегенің шатақ екен.
Жасқанатын жайым жоқ
Қандастардың алдында.
Қол бастайтын жігітсің,
Сөз бастамай қалдың ба?
Дәулеткерей:
Бісміллә, жүйрік жырмен желейін кеп,
Өлеңмен өскен жанмын мерейім көп.
Мәскеудей мәртебелі елге келсек,
Отырмыз нөсер жырды төгейін деп.
Мен емес сөз бастаудан қорқатұғын,
Ойлама, бала, мені өгей ұл деп.
Шәкіртім болғаннан соң кезек бердім,
Дәл бүгінгі шамаңды көрейін деп.
Айтыстың ақ жолында ақау көрмей,
Бәйгеден бар жүйрігің қатар келгей.
Тарыдай шашыраған қазақ едік,
Шарлаған Жер әлемді жаһангердей.
Ассалаумағалейкүм, Мәскеу елі,
Тәңірім сіздерге ұзақ сапар бергей.
Атажұрт – алтын бесік есте болар,
Тағдырды көрсең дағы қатал нендей.
Туған жер топырағы ыстық болар,
Боз дала бозінгенін бота емгендей.
Төркініңнен келгесін төкпелейін,
Аузымнан ақындықпен от өргендей.
Мәскеудің төріне кеп жыр қалдырсақ,
Майқы биден қап кеткен мәтелдердей.
Тотықұстай түрленіп тоқсан жаста,
Жырынан жаңылмаған Жәкемдердей.
Астанадан келгесін ақ сөйлейін,
Сағынышты жырымнан саф өнгендей.
Саумал жырды сапырып сөз саптайын,
Сарыарқамды көшіріп әкелгендей!
Қара өлең қасиетін біз білгесін,
Биікке жеткізерміз жырдың көшін.
Ринат – іргемдегі інішегім,
Айтыстың арбасына бір мінгесін.
Мәскеу мен Қазақстан дос боп жатса,
Достықтың домбырасы күмбірлесін.
Ринат – інішегім қасымдағы,
Қазағым үшін туған ұлмын десін.
Ал, енді, залда отырған барлық қазақ
Құдай үшін туылған құлмын десін.
Ағаң енді береді кезегіңді,
Әрі қарай сен жалға, тізгіндесім.
Ринат:
Бісміллә деп сөз бастап Москвада,
Әнімменен жайнасын, рас, бұл ара.
Ағайынды көргенде шетелдегі,
Өлеңімді шашайын тас құлама.
Әлия мен Мәншүгім
Жанын берген Москва,
Бауыржандай ағамыз
Қанын берген Москва.
Қазақстан аямай
Малын берген Москва,
Егіні мен консерві,
Барын берген Москва.
Түйін екен, ендеше, түйін екен,
Айтыс деген Құдайдың сыйы екен.
Өз бойымыз болғанда бір-ақ қарыс,
Ұзындармен айтысқан қиын екен.
Көрсетейін сонда да
Бір ұшқынын от тілдің.
Кремльдің қасында,
Москвада салынған,
Елшілігім боп тұрмын.
Дәулеткерей:
Ринат, сен биікке өрлердейсің,
Киікті көзге атқан мергендейсің.
Ұзындардың қасында қысқамын деп,
Отырсың бойымызды тергердей шын.
Биіктіктің қадірін қазақ білер,
Аласа болғаннан соң сен көрмейсің.
Жерді теуіп, тепкілеп сахнаны,
Билеймін деп қол-аяқпен ербеңдейсің.
Мәскеуге айтысты емес, сен, Ринат,
Сайқымазақтықты көрсетуге келгендейсің.
Жібертіп, қарап жатсаң, өлеңімде ой,
Ринат, сені шыңнан көремін ғой.
Мысалға, шалдарымыз айтып кеткен
Қорамсақтан суырылған жебемін ғой.
Терең сөзден қашпайсың енді, бала,
Зерлі өлең керек болса, өремін ғой.
Алдыңда тоқсан түрлі толғау айтып,
Нөсерін бұл айтыстың төгемін ғой.
Шәкіртім болып маған жүрген кезде
Өзіңді талай жолда жебедім ғой.
Мәскеулік қандастарға барған кезде
Арзан сөйлеп, ойнап кет демедім ғой!
Бісміллә, дөңгеленсе зырлауық тіл,
Шалғыдай қызыл тілім шыңдалып тұр.
Мәскеулік мәртебелі қандастарға,
Сырымды жеткізейін шындап ұтқыр.
Жаһанданған заманда заһар жалған,
Кімдердің қас-қабағын кім бағып тұр?
Ирактың да иманы қымырандай,
Алдында АҚШ деген шырмауық тұр.
Азаматтың барлығын соғысқа айдап,
Қазанаттың қадамы шырмалып тұр.
Ашық күнде теңізден дауыл тұрып,
Кейбір елдің кемесі құм қауып тұр.
Ал менің алтын ордам Астанамда
Бостандық бәйтерегі бүр жарып тұр.
Қайғысыз қара суға семіреді,
Әркімдер алатындай үлгі анық бұл.
Құдайдың бергеніне тәубе дейін,
Бағымды Нұрсұлтандай ұл бағып тұр.
Он бесінде толысқан Ай секілді
Тәуелсіз Қазақстан нұрланып тұр!
Қалайша бауырымды шабан дермін,
Айтыстан талай-талай амал көрдің.
Ұзынмен айтыссаң да, қысқамен де,
Әйтеуір, сәтін тауып аман келдің,
Алдыңда толғап айтып текті өлеңді,
Келесі кезегімді саған бердім.
Ринат:
Жақса егер шапалақпен ел шырақты,
Бұл жерде тереземіз тең сияқты.
????? ?? ????? ?????, ?????? ?????,
??????? ????? ????? ??? ??????.
???????? ??? ??????? ??? ??????,
??? ???? ????? ????? ??? ??????.
??????? ??? ???????? ????? ???,
????-????? ????? ?????? ???.
?????? ????? ???? ???,
????????? ???? ???? ?????? ???.
?????? ? ?????? ?????
??????? ??? ??????? ????? ???.
???????? ??? ?????? ????? ?????,
???????? ?????? ??? ??? ????? ??? ???.
????????, ??? ?????????, ,
??????? ??????? ???.
??????? ????????? ???? ?????
??????? ??? ???????? ????? ?????.
???????? ??????? ?? ????? ????
???????? ?????? ???-????? ?????.
??????? ????? ????? ?????? ?????,
??? ?? ???? ?????? ?????? ?????.
?????? ??? ??????? ???, ??????? ???,
??? ????? ???????? .
?? ???? ??? ??????? ??????????,
?????? ?? ????? ?????? ?????.
Жігіт ем сегіз қырлы, жалғыз сырлы,
Көңілім ұстаз десем кең сияқты.
Толғанып мен көрейін сен сияқты,
Сен енді билеп көрші мен сияқты.
Желісім бар азғантай аяңым жоқ,
Өтер-кетер дүние баяның жоқ.
Ағамыз Дәулеткерей айтты екен деп,
Айтпаймын тағы биді қоямын деп.
Алдына қандастардың келген кезде
Бойымда бар өнерден аярым жоқ.
Жайғанда ұлы өнерге ғалам құшақ,
Ғұмырдан қымбат боп тұр маған бұл сәт.
Сөйлейін, сіз айтқандай, салмақпенен,
Сахнада толғандырып санамды сәт.
Намысқа тырысайын енді бүгін
Қамысқа тіс қайраған қабан құсап.
Мәскеуге арбамен де келер едім
Шаршамас кешегі ата-бабам құсап.
Құдайым бізге бақыт берсін дейік,
Оны да мына халқым көрсін дейік.
Болған соң жанымыз бір, қанымыз бір,
Біз қалай ағайынды менсінбейік.
Ал енді бар бауырға толғанайық,
Оралып өз еліне келсін дейік.
Дәулеткерей:
Ринат, тізгініңді бос алғайсың,
Менің де тілегімді хош алғайсың,
«Чемпион» боламын деп бұл Мәскеуде,
Демеспін неліктен жыр есе алмайсың?
«Отыз бес» балды түгел алып қойған
Аманжол ағаң жолын кесе алмайсың!
Тастайын тұяғымды сілкіп алға,
Қазақтың айтыс деген ғұрпы барда.
Мысалға, мыңнан жүйрік озған тұлпар
Шабыты қозған кезде ұмтылар да.
Бір шаңырақ астына келсін деген
Тілегіңді қабыл етер, мүмкін, Алла.
Қандастар, атажұртқа жетіңіздер
Қолымызда бостандықтың кілті барда.
Бар қазақ бір шаңырақ астына кеп,
Мәре-cәре болатын күн туар ма?!
Жаратқан бере салған еншімде өлең,
Мен емес ата сөзін менсінбеген.
Мәскеуде өткен айтыс ғұрпы бүгін,
Тату бол деген сөздей көршіңменен.
Аталар айтқан сөзде ақиқат бар
«Жау жақта да бір үйің болсын» деген!
Жаңғырған Сарыарқаның сәні бізде,
Кешегі сал-серінің әні бізде.
Қазақтықтың көтерген шаңырағын
Керей мен Жәнібектің тағы бізде.
Есімнің ескі жолын еске алмасақ,
Деп айтпассың, ұрпаққа тамыр үз деп.
Қасымның қасқа жолын ескермесек,
Бұл күнде болар еді халіміз не?!
Абылайдың ақ туын көтермесек,
Бұндай өлең айтар ма ек бәріміз де?!
Сондықтан бұл қазанда Мәскеуге кеп,
Жапырақтай жыр төгем сары күзде.
Қақпақылдап сені де отырайын,
Қансонарда түскендей қалың ізге.
Айналдым үкі таққан бөркіңізден,
Бөркіңізге жарасқан көркіңізден.
Бұл күнде ақын болып біз келеміз
Аталар салып кеткен жөңкіп ізбен.
Мәскеуде бар өнерді көрсетем деп,
Еріксіз ән айтып ең еркіңізден.
Билеймін және күйді тартамын деп,
Аузыңа жыр толтырып, желпіңіз дем.
Ендеше, билеп тағы, жыр айтып көр,
Жаңағы айнымастан сертіңізден.
Ринат:
Кигенім бар басыма құндыз бөрік,
Жатқаннан соң далаға бір күз келіп.
Оның несін, ей, Дәулет, оғаш көрдің,
Жарқырайын Мәскеуде жұлдыз болып.
Жырла десең, жырлаймын,
Биле десең, билеймін.
Өз шәкіртің болған соң,
Жаман сөзді түймеймін.
Жақсыларға иіліп,
Жаманға бас имеймін.
Ағам айтты екен деп,
Қырғыз құсап басыма
Айыр қалпақ кимеймін.
Аттарыңнан айналдым, қандастарым,
Аласармас қандасым – мәңгі асқарым.
Оралыңдар еліңе барлығың да,
Тарихыңның сүртіңдер шаң басқанын.
Тағдыр желі әкеткен
Бәріміз бір желкенбіз.
Айналайын қазағым,
Біздер сенің еркеңбіз.
Сахнаға шыққанда
Өлеңдері көркембіз.
Айтатыным сіздерге,
Қазақ бауырым қайда деп,
Крестердің ішінен
Іздемейік ертең біз!
Қай елде де дауыл бар,
Көрген жерде ауыл бар.
Айтар сөзім осы екен,
Қайтыңыздар, бауырлар!
Дәулеткерей:
Жазғаны Жаратқанның жарық жалған,
Ашса екен әрдайым да бағыңды Аллам.
Ринат ақ жүрегін жарып айтып,
Сіздерге қайт деп жатыр сағынғаннан.
Басыңа бөрік киіп, жұлдыз болып,
Мен сені хош көремін танылғаннан.
Құдайдың бере салған тіл мен жағы,
Сақтасын, сахнада жаңылғаннан.
Қазақтар, қайда жүрсең, аман жүрші,
Айтамын сендер жайлы сағынғанда ән.
Қандастар, сендер үшін, қыңқ етпеспін,
Бес тал сөгіп алсаң да қабырғамнан.
Шәкіртім, қадамыңды аштырамын,
Демеймін сұрақ қойып састырамын.
Мәскеудің төріне кеп айтып жатсың,
Жиырмада жалындаған жастық әнін.
Ендеше, шәкірт болсаң, сен екеуміз,
Сүгірге сап қайырмасын достық әннің,
Қандастарды ырза ғып кетейікші,
Қандас десе әрдайым тас тұрамын.
Сөзімізді дәмді қып аяқтайық,
Метросы жабылмай тұрып Москваның.
Ринаттай ақынға
Аямай қолды соғыңдар.
Қазақ десе әрдайым,
Мына бізде, ағайын,
Көркейіп кетер көңіл бар.
Астананы айтайын,
Қазақтың байтақ Сарыарқа
Даласында төрім бар.
Қазақтай елді басқарған
Нұрсұлтан сынды ерім бар.
Ал Мәскеудің төрінде
Біздер айтқан өлең бар.
Осы сөзіме мән бергін,
Өлең бар жерде қазақ бар,
Қазақ бар жерде өмір бар.
Ақындарың сіздерге
Арайлы жырын арнасын.
Алыстан жетсе сағынып,
Қанаттары талмасын.
Қырандай текті ұлдарын
Бұл Мәскеудің төрінде
Сіздердей қазақ аңғарсын.
Осыменен тоқтайын,
Шәкіртім әрі жалғасын.
Ринат:
Әмірін қылса ұстазым,
Құзырлық етпей не етейін?
Осынау елдің алдынан
Жарқырап бір сәт өтейін.
Қандастарымның бәріне
Сүгірдің салып әніне
Барымды беріп кетейін.
Сөйлеуге бізге, ағайын,
Сахнаңда бүгін құзыр ет.
Баршаңызға Құдайым
Берсін енді нығмет.
Алауласын аузымда
Қызыл да тілім – қызыл от.
Қызыл да тілім – қызыл от
Сіздерге етсін қызмет.
Келер ме екен осылай
Салиқалы сөздің сарасы,
Жалпайып жатқан күтеді
Сендерді қазақ даласы.
Кешегі өткен тарихта
Аруақты болған бабасы.
Балаларым қайда деп,
Сыбырлайды екен самалға
Тастары мен ағашы.
Айналайын қандастар,
Біздерге бір сәт қарашы.
Қазақстан деген нар елдің
Біздер едік баласы.
Қолына алса домбыра,
Тосылмастан бір түнге
Жырлауға жетер шамасы.
Өлеңменен сүртейін
Жүрегіңнің айнасын.
Ағайынға осынау
Ринат тигізсін пайдасын.
Ертеңгі мына айтысты
Қазақстан деген жер көрер,
Қазақ деген ел көрер.
Қиқулап тағы шулайтын,
Қолдарын соқпай тұрмайтын
Қазақтарым, қайдасың?!
Барша жұрттың алдында
Жатқандай болдық той тойлап.
Тамсансын енді жұртымыз,
Ақындарына «пай-пайлап!»
Осымен біз де доғардық,
Шығарып сал балаларыңды,
Барыңды салып айқайлап!
Дәулеткерей:
Қазақ – Ғұн мен түбірі Сақтың ұлы,
Мен едім Дәулеткерей Кәптің ұлы.
Сіздерге кеп шын сәлем бергеннен соң,
Деп ойлармын бақытты таптым ірі.
Шәкіртіммен айтысып Мәскеуге кеп,
Көтеріліп қалғандай бақ тұғыры.
Аузымнан түсіп қалған інішегім,
Бұл дағы бір Құдайдың сәтті күні!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу