24.02.2022
  132


Автор: Тұңғышбай Әл-Тарази

«ӨНЕР – ҚАН ЖҮРЕКТІҢ КӨРКЕМДІГІ»

(«Керемет» журналының сұрақтары)


 


1.    Аға, сіз бір әңгімеңізде: «ұлы Мұхтар Әуезовтің

«Еңлік-Кебегіндей» жалғыз ауыз сөзі бір әртістің он әрекетіне татитын, қазақ сөзінің қуатын танытатын пьеса әлі күнге жазылған жоқ»-депсіз. Қазіргі жазылып, сахналанып жатқан пьесалар қазақ сөзінің қуатын таныта алып жүр ме?


 



  • Мұхаңның «Еңлік-Кебегі» қазақ драматургиясының ерекше құбылысы. Өйткені бұл дүние екі киіз үйді жапсарластырып құрылғандалалық сахнадатуған. Мұхаңның


 


өзі сахнаға «декорация» есебінде орналастырылған кебеженің ішінде тығылып отырып алғашқы «актерлерге» суфлерлық жасаған екен. Суфлерлік дегенді ұмыттық қой, қазіргі жастар білмейтін де болар, ол – сөзін ұмытқан актерлердің есіне салып сыбырлап отыратын ерте кездегі театр қызметкері. Ал «актерлер» сол ауылдағы өнерге қыры бар қарапайым кісілер болыпты. Мұхаңның жазған алғашқы нұсқасы бойынша «ойнай» бастаған әлгі актерлер, уақиғаның бір шиеленісті жеріне келгенде, пьесадағы мәтінді «ұмытып», өз беттерінше айтыса кеткен көрінеді. Сонда Мұхаң кебеженің ішінде қимылсыз отырған күйі олардың аузынан шығып жатқан кестелі де кесекті сөздерді сол күйінде қағазға түсіре берген көрінеді. Бұл сонау 1917 жылы болған екен, ал Мұхаң ол пьесаны неше дүркін қайта жазып өңдегенін білсеңіз ғой, кейде тіпті бұл шығарма ол кісінің «дертіне», өмір салтына айналып кеткен сыңайлы. Соңғы, «қызыл бұрыш» қоспай, таза жасаған нұсқасы 1922 жылғысы. Менің айтып, таң қалып отырғаным бұл пьесаның өмірге келу сиқырының жоғарыдағыдай болғандығынан. Өмірдің өзінен алынғандығынан, кебеженің ішіндегі авторды ұмытып, билердің «роліндегі» ауыл азаматтарының аузынан емес, ынты-жүректерінен шығып, «шындап» кеткен айтысының шығарманың тірі тініне айналуынан. Пьеса дүниеге осылай, жүрекпен жазылып келуі керек. Ондағы сөздер айтылатын емес, қозғалатын, «кісі өлтіретін», мазаңды кетіретін, өлі сөз емес, тірі сөз болғанда ғана сахналық қуаты болады, тамырында балықтың қаны ағып жатқан артистің өзін алдына салып «айдап» әкете алады.


 


2.   Сөз қадірін ұғындырудағы аға буынның әрекетіне көңіліңіз тола ма? Аға буынның айтқанын құлағына құйып, көңіліне тоқитын құлықты жастар бар ма, бізде?

 



  • Ондай аға буын бүгінде жоқ, келмеске кетті арман боп, өнерге адалдықтың мысалы мен кейінгіге «жалған» боп. «Ол ағалар былай болған, басымыздан былай сипаушы еді» деп еске алсаң, бүгінгі жастың аузынан сілекейі ағады. Бүгінгі аға буында қазымырлық бар, қазыналық жоқ. Шал аз, шауқан


 


көп. Сондықтан ақсақалдыққа жасы жеткенмен, пірадарлық пайымға мысы аулақта ағаның аузынан шыққан арзанды ұйып тыңдайтын жастарды мен әзірге көре алмадым. Сақалы беліне түскенмен, аталы сөзі болмаған соң, олар не істесін? Пірлі дастарханда батаға, топырақты өлімде тоқтамға жоқ боссақал кімге дәрі, кімнің шікәнәсі!? Қазіргі жастар талапшыл, әрі біздерден гөрі тобашыл.


 


3.   Сізді ойға алғанда көпшіліктің ойына ең алдымен, өзіңіз сахналаған Абылай хан түседі. Қазір сахнадан сырт жүрген тұста, аға айтыңызшы, Абылай ханды қаншалықты шынайы ойнай алдыңыз? Жіберген кемшіліктеріңіз қандай? Көпшілік осы бейнеңізді дұрыс бағалады ма?

 



  • Ұлы мәртебелі көрерменнің ойына алдымен мен кейіптеген Абылай хан түссе, демек, бір шығармашылдық құбылыстың болғаны, шүкір Аллаға. Театр өнерінің кинодан айрмашылығы мен құдіреттілігі – роліңді күн сайын жаңаша, адамша кескіндеп, өрлене, шерлене беруіңе, кешегі мұлтыңды ертең түзетуіңе, арзан түскен тұсыңды кейінгі қойылымда қайта қымбаттатуыңа мүмкіндік бар. Театр – тірі өнер. Алайда, сіз айтқандай мен сахнадан сырт жүргем жоқ, оны кім айтты екен? Кім айтса да, бос сөз! Бір расы бар әлгі өсектің, ол – мен бүгінде Абылайсыз жүрмін, көре алмаған кейбіреулердің қыжылы басым болып, ол қойылымның репертуардан алынып тасталғанына сегіз жылдың күзі мен көктемі өтті. Аңғал көпшілік сахнадағы Абылайды аңсап, қайда кетті деп қанша аттандағанымен, ниеті қабыл болмады, шырылдап-шырылдап, күңкілдеп-күңкілдеп қойды... «Жабулы қазан, жабулы күйінде» қалды...


 


4. Аға, өмірдің шындығын айтуға келгенде қаншалықты бел-сендісіз? Ақсақалдыққа аяқ басқан тұста сізді ойландырып, толғандыратын қандай жайлар бар?

 



  • Белсенділігім асып-тасыған соң, жабылардың жапқан жаласына қалып жүргем жоқ па? Жұрттың бәрі білетін


 


дәл осы қасқа қасиетімді қайта сұрағаныңызға қарағанда, мені шаршап, шау тартқан шығар деп ойлаған боларсыз. Жоқ! Өнердегі шалалық пен шантрапалық, өтірік пен өсек, арамдық пен аярлық, күншілдік пен міншілдік әлі күнге менің аяспас жауым, күрес алаңым. Ал, менің өнерім – өмірім, өмірім – өнерім! Ойландыратын – сол өнердің аяқ асты болуы, нарықтық қоғамның қысымынан парықты кісіліктің солуы!


 


5.    Өзіңіздің өміріңізбен тығыз байланысты театр, кино мәсе-лелерінің қазіргі хал-ахуалына қандай баға берер едіңіз? Біздің осы салалардағы өнеріміз қаншалықты өсті, кемшіл түсіп жатқан тұстары қандай?

 



  • Менікі – жеке пікір, оның объективті себептерге саятыны міндетті емес. Айтсаң – алапес көрінесің, айтпасаң – өзің азап шегесің. Жақсы бола түссе екен деген оймен айтқаныңды жау көретін жамандар көп. Жалпылама айтсақ, соншалықты күйреп жатқан ештеңе жоқ сияқты, алайда аспандап, биіктеп бара жатқаны да шамалы. Кино – ақша құмар, театр шақша құмар боп барады. Астарлағанымды санасында сәулесі бар оқырман ұғар, бәлкім.. Мен өз өнерімнің патриотымын, тек мырқымбайлыққа қаспын. Қазақстанда 52 театр, жалғыз киностудия бар, дей тұрғанмен, екеуінің «дүрдараздығы» – мемлекеттік көзқарастың екеуіне бірдей әділетті еместігінде. Театр өнеріне деген мемлекеттік алақанның салқындығы сонша, тіпті бір фильмге күйіп тұрып бөлінетін қаражаттың төрттен біріне де жетпейді. Ал, театрлар күнде кешке, жылына 300 күн дейікші, көрермен алдына шығып, азды- көпті, арзанды-қымбатты өнерімен шамамен үш миллионнан астам адамды эстетикалық ләззатқа, сүйрікті сезімге бөлейді екен. Енді солардың көкірек қағып, міндетсінгенін көрдіңіз бе, балам аш, өзім жалаңаш деп жылаңқылық жасағанын естідіңіз бе? «Бас жарылса – бөрік ішінде, қол сынса жең ішінде». Керісінше, киношылардың керенау кердеңінен хабардар болсаңыз да, судай шашылған қаржыға қысылғанын көрмейсіз. Кейбір «асатпай жатып құлдық» болып, «қырам- жоямы» жер жарған, қолдау-дүмпуі аспандаған, арқалы


 


деген әкімнің өзі кеңесші болған фильміңіздің жинаған көрермені отыз мыңға жылап жетсе – шүкір ғой! Қазақтың киносы құрыды демеймін, тек жақсы деп ауыз толтырары аз, шашқан қаражаты қисапсыз. Театрыңыз детдомда өскен жетім баланың күйін кешуде, бейнеті мол, зейнеті шөкім, еңбегі еш, тұзы сор, ал ақша жағын ауызға алмай-ақ қоялық. Осыдан кейін «андайсың, мұндайсың» деп талап қою – қожанәсірлік.


 


7.        Сіз театрдың басшылығынан кеткен кезде артыңыздан көптеген алыпқашпа әңгімелер айтылды. Жалпы, сіз қауесетті қалай қабылдайсыз? Қаншалықты сабырлысыз, ұстамдысыз?

 



  • Кеткен басшының артынан бөстеки сөз айтыла береді. Қазаққа ай мен күннің төсіне қазық қағып берсең де жақпайсың. Не жасасам да мен өзімнің осындай тірліктің қолымнан келгеніне қуанып жасадым. Есеп күтпеген еңбегімнен рахат шектім. Қызметкерлерге 40-тан астам пәтер, театрдың меншігіне жатақханадан 6 бөлме, 20-ға жетіп жығылатын адамға құрметті атақ берілуіне сеп болғанымды өзім түгіл өзге театрдағы әріптестерім әлі күнге жыр ғып айтады. «Ой, Тұқаңның кезіндегі заман қазір сағынышқа айналды ғой» деген сыпсың – мені тыныш ұйықтатады десем, дұрыс болатын шығар...


 


8.  Театр артисі Дәрия Жүсіппен шаңырақ көтергенде де көпшілік арасында сіздер жайлы көп қауесет айтылды. Бірақ бүгінде сіздер көпке үлгі көрсетерлік өнегелі отбасы болып отырсыздар. Жас қызды өнегелі ана, үлгілі жар болуға тәрбиелеуде сіздің қаншалықты көмегіңіз болды?

 



  • Менің көмегім болған жоқ, Дәрияның өзі солай жаратылған. Менің етегімнен ұстағанда жиырманың екеуіндегі қызды жас деуге бола ма? Қыз бала табиғатынан ер-азаматының қадірін арттыруға, қара басын сыйлауға жаралғанын білмесе не болғаны? Дәрия уызынан жарыған ұрғашы, қазақы әдебі мен шығыстық ибасы асып-


 


төгілетін оңтүстік өңірінен. Менің басшы кезімде, оның ойнаған бірді-екілі ролін көп көріп, «қатыны болған соң, қомақты көзқарасқа ие боп жүр» деген қиянатты сөзге қалған. Бүгіндері Дәриясыз қойылған қойылымның сәні болмайтындай халге жетті. Жиырма жылға жуық еңбегі бағаланып, мен басшылықтан кеткен соң он жылдан кейін қайраткер атағын алды, әлгі өсекке таққан тәбдірсіздердің бірінің де үні шыққан жоқ! Бұл да менің кезінде кесірлі сөзге қалған есіл еңбегімнің адалдығының куәсі шығар.


 


10.  Кинода, театр сахнасында сомдай алмай қалдым немесе шығара алмай қалдым деген бейнелеріңіз бар ма? Сахнаға шығуға ұсыныстар түсіп жатса қайта барар ма едіңіз? Жалпы аға, қазір сіз немен айналысып жүрсіз?

 



  • Қанағат деген қастер бар, бұйырғанға шүкірлік еткен жөн. Біраз жерге шаптық, төбе шықтық, тау астық. Артығы да болды, кемдігі де жоқ емес, айыз қандырардай толыққанды  шығармашыл      өмір      кештім.      Алайда,


«болдым, толдым» дегенді менің аузымнан естімейсіздер.


«Ән – ауруым, не тыңдамай, не қосылмай өте алман!» Ақан серінің осы өмірлік сөзі – менің өнердегі ұстанымым. Аттан әл-әзірге түскем жоқ, театрдың тізіміндемін, кейіптеген рольдерім,   септеген   режиссерлік   қойылымдарым   бар.


«Ананы ойнасам, мынаны сахналасам» деген армандар ешқашан таусылмайды. Бүгіндері маза мен ұйқыдан айырып, арсалаңдатып жүрген қоғамдық қызметім бар – Қазақстан Театр қайраткерлері одағының Төрағасы деген. Менің алдымдағы «пысықтар» оң мен солға «шашып-жымқырып», кейінгі отыз жылдың балдыр-батпағына калош қып киіп, күресінге тастап кеткен. Құдды, Пушкиннің ертегісіндегі жарық астауы дерсің. Осыны тірілтіп, жолға қойып, келесі


«дайын асқа тік қасық» адамға үкілеп берсем деген мүдде бар.


 


11. Күнделік жазасыз ба?

 



  • Жоқ. Бір ағам жазып жүр ғой, соның әр сөйлемінде


 


барсың деп айтады, оны қапелімде оқығандар. Неғылам үлкенмен «жағаласып».


 


12. Қаншалықты ауқаттысыз?

 



  • Орташа, қатын-бала асырап отырмын. Киер киім мен ішер асқа кенде емеспін. Анда-санда келіншегімнің әйелдік


«еркелігін» көтере алатын кездерім де болып тұрады...


 


13.      Бала тәрбиесінде ұстанатын қағидаларыңыз қандай?

 



  • Жөйіттерше. «Сен мықты қазақсың, сенен асар ешкім жоқ» деген мағынада. Содан ба екен, үлкеніміз де, ортаншымыз да мақтау қағаздан көз жазған емес. Қызымыз Аққу сұлу бес жаста, бетінен қақпаймыз.


 


14.  Жақында Алматыдағы «Турандот» мейрамханасы өртенді. Біреулер оны сізге тиесілі орын дейді. Жеке бизнесіңіз бар ма?

 



  • Менің септігім тиген мейрамхана екені рас, алайда, маған тиесілі емес. Жеке бизнесім әзірге жоқ. «Бөрі азығы



  • жолда».


15.   Қолыңыз бос уақыттағы айналысатын ермегіңіз не? Хоббиіңіз бар ма?

 



  • Помидор, қияр, қызылша егемін, суғарамын, шөбін шабам. Күзде жинаймын. Алма, алмұрт, шие. қара өрік, абрикос, қара, қызыл қарақат, жүзім ағаштарым бар. Ермегім солар, сонан соң кітап жазу, жақында «Шер» деген атпен төртінші кітабым жарық көрмекші.


 


16.  Аға, сіз бір кездері сахнаға шығып ән де салдыңыз. Және өзіңіздің салмақты қоңыр даусыңызбен тыңдаушының жақсы ықыласына да ие болдыңыз. Қазір осы қабілетіңізді шыңдауда қандай жұмыстар атқарып жатырсыз?

 



  • «Тыңдаушының жақсы ықыласына ие болдыңыз» дегеніңіз рас болса, көңілімді көктем еттіңіз. Мен өзі, жаңадан аты шығып келе жатқан «жас» әншімін ғой?!. Мұндай жылы сөздер жан семіртетіні жасырын емес. Көбіне ешкім айтпайтын, айта да алмайтын әнге әуес болғандықтан, өте сирек айналысамын. «Ән айтсаң да, жаныңды жеп айтасың» деген. Жанға жақын әннің тууы қиындау. Екі альбомым шыққан. Бір жаңалығым, біраздан бері Дәрия эстрадалық әндерге ден қоя бастады, жуық арада бір альбомға жетіп қалар, оның жоғары вокальдық білімі барын біреу біліп, бірі білмес...


 


17.     Сіздердегі өнерге құштарлық балаларыңыздың бойынан байқала ма?

 



  • Үлкеніміз Ақсұлтан домбыраға ғашық. Өзінен-өзі жүріп үйреніп алды, енді гитараға ауыспақшы. Ақсұңқар екінші сыныпта, Аққудың ыңылы құлаққа жағымды естіледі, әнге құмар болатын шығар...


15 қыркүйек, 2011 ж.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу