23.02.2022
  190


Автор: Өріс Яшүкірқызы

Қолдаушың кім?

 


Бір Қоян орманда бірнәрсе жазып отырды.Қасынан өткен түлкі:



  • Қалқан құлақ, не жазып отырсың шұқшиып ,-деді.

  • Естіген шығарсың, Диссертация.

  • Не туралы,білуге бола ма?

  • Әрине, бұл туралы газеттер талай жазды ғой. “Түлкіні қалай қоян жеп қойды?” деген тақырыбым.

  • Не дейді? Ойбай-ау, ондайды қайдан көрдің, қайдан естідің?

  • Естіген өтірік, жүріңіз, көрсетейін...


Бірнеше уақыттан кейін Қоян әлгі отырған жерге келіп, тағы да жазуға отырады. Қасынан қасқыр өтіп бара жатып:



  • Қоян, ау Қоян. Не жазып отырсың?

  • Диссертация дейді. Не туралы?..

  • Не туралы? Әлі хабарсызсыз ба, Теледидарға қарамайды екенсіз ғой. “Қалай қоян қасқырды жеп қойды?” деген тақырыбым.

  • Қойшы ей.. Соғады екенсің сен де. Оны қайдан көрдің?

  • Жүріңіз көрсетейін...


Келесі кезекте тағы да Қоянды Аю көреді.



  • Қоян, бас көтермейсің мүлде, не жазып отырсың?


Интернеттен оқыған жоқсыз ба? “Қоян қалай аюды жеп қойды?” деген диссертациям мүлде сенсация туғызып жатыр...



  • Айтасың-ау, сен де. Олай болса көрейін...

  • Жүріңіз, көрсетейін...


Аю қорбаңдап Қоянның соңына ереді. Қоян оны үлкен үңгірге әкеледі. Үңгірдің кіре берісінде Түлкінің, Қасқырдың, Аюдың сүйектері үйіліп тау болып жатыр екен. Түкпірінде айбаттанған Арыстан жатыр арылдап...


Аржағы түсінікті. Гәп, тақырыпта емес, қолдаушыда.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу