Өлеңдер ✍️

  23.02.2022
  283


Автор: Өріс Яшүкірқызы

Тілдің Рухқа зары

Рух! Қайдасың?!
Көп болды көрінбедің,
Желеп
-жебер көгімде едің
Ұлттық мұратқа жете алама,
Рухсыз, Тілсіз Елім менің
Таңым атпады, күнім батады,
Мен сорлыны кім жақтады.
Өгейлік көрсетіп өзгелер
Тіл қасиетімді таптады.
Қылыштай өткірлік сақталған,
Тіл едім жеткен Сақтардан.
Бергіде Ғұндар мен Түріктер
Ажалдан өзімді ап қалған.
Дауды бастым неше елдік,
Қасиетіммен шешендік.
Ұлтымда әлі мұра
Тілден шыққан көсемдік.
70 жыл Кеңесте күйредім,
70 жыл өзімді сүйредім.
Егемен ел болдық деп едік,
Әлде де өлмеші күйдемін.
Мен десе сөз де, дау да көп,
Мен десе көз де , жауда көп.
Тағдырым шешілмей келемін
Тәуелсіз елімде сауда боп.
Мәртебе ап балаша қуандым,
Артынша
-ақ суалдым.
Билікке жолатар емес
Төменде әлі “шұбармын”.
Қарасам сығалап есіктен,
Қуады “Чё, чёлап” тесіктен,
“Ұлттық Тілі жоқ” дейді екен
Шетелдік меймандар есіткен.
 Кейбіреу мен үшін қам жеген,
Қорғамақ болыпты Заңменен,
Рухым, серпін бер, оятшы
Өмірім өтуде зарменен.
Ұлықтар Тіл десе құлықсыз,
Себебі, Рухсыз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу