Өлеңдер ✍️

  23.02.2022
  135


Автор: Өріс Яшүкірқызы

БӘРІНЕН ДЕ СЕН ЖАҚСЫ

Заман түлкі болғанда,
Тазы болған сен жақсы,
Өзің ұры болғанда
Қазы болған сен жақсы.
Аузың қисық болса да,
Сөзің тузу сен жақсы,
Мұрның пұшық болса да
Әнің тузу сен жақсы.
Билігің бар, сыйың бар,
Өмір сүрген сен жақсы,
Долларың бар, күйің бар,
Ойнап
-күлген сен жақсы.
Байды “бай” деп актілеп,
Бөліп жүрген сен жақсы,
Кредитіңді “шәпкілеп”
Беріп жүрген сен жақсы.
Сөзің өтпей жүрсе де,
Шешенсіген сен жақсы.
Елің сырттан күлсе де
Көсемсіген сен жақсы.
Жасасаң да қылмысың,
 Білінбеген сен жақсы.
Арамдықпен тұрмысың
Дүрілдеген сен жақсы.
Ақиқаттан айрылып,
Зарлап жүрген ел жаман,
Соның бәрін сыртынан
Барлап жүрген мен жаман.
Бәрінен де сен жақсы...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу