Өлеңдер ✍️

  23.02.2022
  225


Автор: Өріс Яшүкірқызы

ҚОС КЕМПІРДІҢ ДИАЛОГЫ

(Бейімбетше)
Кеше: -Қайдан келесің, қыз
-ау?!
- ... Қайдан болсын... Қаладан...
Қаладағы орыс болған баладан,
Шүлдір
-шүлдір келіннен,
Түсінбес сөзін жан адам.
Үністөтті бітірген,
Түңілдім келін, баладан,
Алашамды қайтарды
Тұрамыз деп жаңадан.
Құрт
–майымды апарған
Тауып алдым даладан.
Ұлымның сөзі “Но!.. Но!... Но..!”
Келіннің сөзі “Да!.. Да!.. Да!..”
Немеремнің тілі жоқ,
Айтатыны “Ба..Ба.. Ба..”
Олар
-орыс, мен
– қазақ,
Кемпірің түсті додаға,
Аяғым сынсын осыдан
Барсам ба енді қалаға!..
Бүгін: -Қайдан келесің, қыз
-ау,
- Қайдан болсын... Қаладан...
Қаладағы қазақ болған баладан.
Құшағын жая қарсы алды,
Келдің бе деп жан анам.
Жаңарған ба деп қалдым,
Бұрынғы орыс санадан.
Таласқа түсіп, жоқ болды
Құрт
-май толы шамадан.
Мәртебемді көтерген,
Айналдым келін баладан.
“Ана тілін” үйрет” деп
Өтінді ұлым оңаша,
Деп сұрада келінім,
Бұрынғы қайда алаша№
Менің қамқа кәмзолым
Келінге қалды жараса,
Немереп жүр әжелеп,
“Істеші тағы көже” деп,
Қазақша сынып оқып жүр
 Енді
-енді ежелеп,
Тіл де елге қайтыпты,
Дәстүр де елге қайтыпты.
Қалаға барып шалқыды
Ауылдағы ой тіпті.
Айналдым бүгін қаладан,
Жарған бүкіл санадан...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу