Өлеңдер ✍️

  23.02.2022
  125


Автор: Абдрахман Асылбек

Мен жайлы

Әнін жазған Ренат Ғайсин

Алғыс айтамын Жаратқанға,
Өнер берді өмірлікке аңсаған,
Арман алауымен ән салам,
Арайланып таң атқанда.
Асқақ мақсатым – асқан бағым,
Жадырады жастан жаным,
Аспандадым,
Қанатым – әнім.

Қайырмасы:
Арманым да алда,
Таңдарым да алда,
Асқарыма самға,
Қалауыңды таңда.
Ойлауым да дара,
Тойлауым да дара,
Сайрауыма қара,
Әндерім де жаңа.
Асқарымсың, әнім,
Аспанымсың,
Жас жанымсың,
Дастанымсың,
Жырлай берем мен.

Әндерімді мен сала берем,
Мақтау сөздер айтып халқым мен жайлы,
Ыстық құшақтарын кең жайды,
Алдарына бара берем.
Алғыс айтамын Жаратқанға,
Әндерімді таратқанға
Алаптарға,
Қанатым – әнім.

Қайырмасы:

Ән – баспалдағым,
Мен аспандадым.
Тамылжып таңым,
Тарай бер, әнім,
Асқан бағым – сен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу