Өлеңдер ✍️

  23.02.2022
  141


Автор: Абдрахман Асылбек

Жаным

Әнін жазған Ренат Ғайсин

Айдан әлде жұлдыздан,
Хабар келді бір қыздан.
Қарап қалар кез емес,
Бұл – Эс-Эм-Эс!
Болсын мейлі ғарышта,
Есебі жоқ алыста.
Іздеп оны табамын,
Ән саламын.

Қайырмасы:
Жаным, жаным,
Алыстағы арманым,
Арманым.
Әнім, әнім,
Өзіңе арнадым.
Жаным, жаным,
Таңғажайып таңдарым,
Ардағым.
Жаным, жаным,
Бір сені таңдадым.

Мүмкін, ол қыз осында,
Тұрған шығар қасымда.
Болмасын тек бос елес,
Бұл – Эс-Эм-Эс!
Ғашық қылдың өзіңе,
Көрінші тез көзіме.
Шаттанайық, күлейік,
Бір жүрейік.

Қайырмасы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу