Өлеңдер ✍️

  23.02.2022
  117


Автор: Абдрахман Асылбек

Аманат

Әнін жазған Ренат Ғайсин

Жарығым, жаным, кең дала,
Арайлы таңым сен ғана.
Аймаладың мені алтын анамдай,
Аяладың мені жарқын балаңдай.
Жалғанда, жаным, жандым ба?
Арманда қалың қалдым ба?
Парызыңды сенің елдің алдында
Өмірлікке оны өтей алдым ба?

Қайырмасы:
Атамекен – алтын анам,
Жасыл гүліңмін.
Жайнап жарқылдаған
Асыл ұлыңмын.

Атамекен – панам менің,
Таңғы нұрыңмын.
Байтақ далам менің,
Мәңгі жырыңмын.

Жылдарда жарқын жалынды
Отанға арнап барыңды,
Жадыраймыз біздер таңғы көңілде,
Қалдырамыз іздер мәңгі өмірде.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу