Өлеңдер ✍️

  23.02.2022
  111


Автор: Абдрахман Асылбек

Махаббатым – әнім

Әнін жазған Ренат Ғайсин

Махаббат – әсем әнім менің,
Әсем әнім менің – махаббат.
Қарақат көздеріңнен сенің
Шашылады шуақ шапағат,
Махаббат – әсем әнім менің.
Қиялымсың,
Күй-әнімсің.
Шыңдағы дара
Шалқыған шынарымсың.

Қайырмасы:
Арайлы алтын таңдарда
Сенен артық жан бар ма?
Аяулым менің,
Арайлым менің
Айналдың ән-арманға.

Мынау алтын таңдарда
Сенен артық жан бар ма?
Аяулым, әнім,
Асылым, жарым,
Айналдың ән арманға.
Арманымсың,
Жан жарымсың
Жалғанда.

Сен ғана – махаббатым әнім,
Махаббатым әнім – сен ғана.
Қызықты өмірімнің мәнін
Сен деп ұқтым, жаным, мен жаңа,
Сен ғана – махаббатым әнім.
Тебірендім,
Емірендім.
Өмірлік сенің
Әнің боп төгілемін.

Қайырмасы:

Мынау алтын таңдарда
Сенен артық жан бар ма?
Аяулым, әнім,
Асылым, жарым,
Айналдың ән-арманға.
Арманымсың,
Жан жарымсың
Жалғанда.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу