Өлеңдер ✍️

  23.02.2022
  99


Автор: Абдрахман Асылбек

Туған күнің

Әнін жазған Нұрлан Еспанов

Туған күнің –
Шат күнің,
Ерекше сәтті күн,
Бәрінен де бүгін биіксің.
Ардақтап өзіңді,
Қарақаттай мөлдір көзіңді,
Көру үшін, жаным, туыппын.

Қайырмасы:
Туған күнің қандай көркем?
Бақыт нұрын төккендей.
Құттықтаймын сен, еркем,
Күлім қағып көктемдей.
Әсем әнді мен де шертем,
Көкке қолым жеткендей,
Бұл өмірде досым жоқ сендей.

Туған күнің –
Бақ күнің,
Шалқыған шаттығың,
Қуанышқа бәрі бөленген:
Достарың осында,
Мақтанышың сенің қасыңда,
Әндерімді шырқай берем мен.

Қайырмасы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу