Өлеңдер ✍️

  23.02.2022
  108


Автор: Абдрахман Асылбек

Арман қала Алматы

Әнін жазған Әлия Бүшікова

Арман қала Алматы,
Асқақтаған ән аты.
Алатауы – аялы ана,
Жерұйық жаннаты.

Қайырмасы:
Тұрған көкке тиіп,
Теректері биік.
Алматы – арайлы таң қала.
Жанарлары жарқын,
Адамдары алтын,
Алматы – сән қала, ән қала.

Арман қала Алматы,
Балдай тәтті алмасы.
Бұлақтары сылдырап аққан,
Жаңа күн жалғасы.

Қайырмасы:

Арман қала Алматы,
Қыран ойдың қанаты.
Әрбір таңы бақытқа бастап,
Соғады сағаты.

Қайырмасы:
Тұрған көкке тиіп,
Шыршалары биік,
Алматы – арайлы таң қала.
Көшелері оқтай,
Гүлдері от шоқтай,
Алматы – сән қала, ән қала.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу