Өлеңдер ✍️

  23.02.2022
  154


Автор: Абдрахман Асылбек

Қиялдағы ару

Әнін жазған Дүйсенхан Сыздықов

Көзім түсіп көктемнің киігіне,
Оранамын махаббат күйігіне.
Аңсауменен келемін сол аруды,
Жеткен кім бар арманның биігіне?

Қайырмасы:
Қиялым – қанатым
Қағатын заңгар көгімдегі
Мәңгі бір болатын
Серігім қайда өмірдегі?
Махаббат осы ма?
Арайлы аққу көліндегі?
Махаббат осы ма?
Сағыныш толы көңілдегі?

Күні-түні ойымды бөлемін де,
Арналады әсем ән-өлеңім де.
Жаным десе сол ару, арманым жоқ,
Күтудемін махаббат белеңінде.

Қайырмасы.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу