Өлеңдер ✍️

  23.02.2022
  125


Автор: Абдрахман Асылбек

Жаңа жыл

Әнін жазған Дүйсенхан Сыздықов

Келді, міне, елімізге
Жарқын жаңа жыл.
Жадырады төрімізде
Халқым дана бір.
Хош келдің, жылым,
Бақыт боп бүгін,
Төгеді күн нұрын.
Достарым, тойда
Жадыра, жайна,
Шалқитын күн бүгін.

Қайырмасы:
Жаңа, жаңа, жаңа жылым!
Шырқап әнге салатын күнім.
Жаңа, жаңа, жаңа жылым,
Жаса, жаңа жылым!

Жасыл шырша жайқалып тұр,
Сәні жараса.
Жастар билеп, ән салып жүр,
Бәрі тамаша!
Көңіл де жаңа,
Өңір де жаңа,
Бәрі де жаңарған.
Ән салу шалқып –
Керемет бақыт,
Тосады таң алдан.

Қайырмасы.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу