23.02.2022
  179


Автор: Өріс Яшүкірқызы

Музыкалық сәлем

 


 


Қазақ радиосынан жүргізуші:



  • Сонымен, тыңдармандар, тағы да назарларыңызды аудара отырайық. Кәне тыңдаңыздар. Бүгін кішкентай Бораш бір жасқа толыпты. Оған ата аналары Қараш пен Жарас әжесі мен атасы Жанай мен Қанай, нағашылары Орай мен Сорай, бала бақшасындағы әпкелері Таңсық пен Қалшық, мектепте оқитын ағалары Мәулік пен Тәулік, құда-құдағилары (бір жастағы Борашта құда-құдағи болғаны ғой) Орамал, Жорамал, жиен апалары Алмалы, Салмалы, нағашы ағалары Одағай және Жадағай, кіндік шешесі мен әкесі Жарлық пен Зарлық тағы да басқа көптеген туысқандары қуанып, Борашқа Қазақ радиосы арқылы өзінің сүйіп тыңдайтын әні “Бұлбұлды” Бибігүл Төлегенованың орындауында (ойпыр-ай, ә, бір жастағы баланың әнге деген талғамы қандай күшті) беруді сұрайды.


Қадірлі Қараш пен Жарас! Бұл ән сіздердің өтініштеріңіз бойынша бір жасқа бүгін толған, Борашқа жолданып отыр.


Бораш, кәне тыңдай ғой, бұл музыкалық сәлем саған арналады.


Емізік сорып отырған балаға Бибігүлдей бұлбұлға ән салдырған ата- анасы қандай десейші. “Бұлбұлды” тыңдайтын Бораш қандай керемет. Қазақ радиосын ден қойып тыңдасаң осындай кереметтер көп.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу