Өлеңдер ✍️

  22.02.2022
  282


Автор: Ақберен Елгезек

АРУЛАРҒА

Көздерде терең тұңғиық
Қарашық – гүлдер жайнаған.
Сезімнің шыңы ең биік...
Қыздарға толы айналам.
Қастары керім қиылған,
Кемпірқосақ – көктем-дүр...
Ажарға қызыл құйылған,
Шіркін-ай, көрік неткен бұл!..
Бұрымдар – қара ормандар,
Ырғағы мас қып жүректі...
Құмартып өлем жалғанда,
Құдайым берсе тілекті!..
Қыз жүрген жердің бәрі – бақ,
Қыз жүрген жердің жаз бәрі.
Аруды ғана танымақ
Көңілдің қоңыр қаздары.
Уақыттың сұмдық ағысы,
Құмардың анық өшпегі...
Арулар жүрген бақ ішін
Күз жайлап кетсе, кеш мені...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу