Өлеңдер ✍️

  22.02.2022
  137


Автор: Абдрахман Асылбек

Келші маған

Әнін жазған Дүйсенхан Сыздықов

Көктем самалы
Беттен шамалы
Жайлап желпісе бір болғаны:
Сенің күнің боп,
Сенің үнің боп,
Жырға жанымның толғаны.

Қайырмасы:
Келші маған,
Тамылжыған сен таң болып.
Сенші маған,
Төгілейін мен ән болып.
Кәусар бұлағым,
Аңсар жыр-әнім,
Мәңгі сөнбей сәуле беріп тұратын,
Кәусар бұлағым,
Аңсар жыр-әнім,
Көктен күткен асыл арман мұратым.

Айбын асқарым,
Айлы аспаным,
Жайлы жан нұрын мол шашқаным.
Сенің сөзіңнен,
Сенің көзіңнен
Бәрін түсіне мен бастадым.

Қайырмасы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу