Өлеңдер ✍️

  22.02.2022
  184


Автор: Абдрахман Асылбек

Айгүлім

Әнін жазған Ділмұрат Бахаров

Әркімнің-ақ бір Айгүлі бар шығар,
Толған айы, ақ шолпаны, таң шығар.
Жасай бергін жарқын жүзді Айгүлдер,
«Айгүл» – мәңгі айтылатын ән шығар.
Арулардың емессің сен жай бірі,
Құлпырасың қызғалдақтай май гүлі.
Көрген адам көз айырмай қарайды,
Болсыншы деп арманымның айдыны.

Қайырмасы:
Айгүлім-ау, Айгүлім –
Аспандағы Ай, Күнім.
Сен күлімдеп тұрғанда,
Болмақ емес қайғы-мұң.
Айгүлім-ау, Айгүлім –
Базарым да байлығым.
Сен күлімдеп тұрғанда,
Арта берер айбыным.

Дидарыңнан нұр шашылып тұрады,
Жарқын жүзің – шыққан күннің шуағы.
Жақсы жанды көрген кезде жан жібіп,
Жүрегімнен жақсы жырлар туады.
Қазағымның айдай сұлу Айгүлі,
Сүйдім сені, көрдім қалай қай күні?
Аққу болып қонар болсаң қалықтап,
Аялайды арманымның айдыны.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу