Өлеңдер ✍️

  22.02.2022
  138


Автор: Абдрахман Асылбек

Асығамын өзіңе

Әнін жазған Әшірхан Телғозиев

Кейде алыстап кеткенімде,
Сағынасың, сәулешім.
Тағат таппай текке мүлде,
Қамығасың, сәулешім.

Қайырмасы:
Жеткенімше асығамын,
Құшағыңа оралып.
Аяулы жыр, асыл әнім –
Бір өзіңсің, ол анық. /2 рет/

Кей құрбымен әзілдессем,
Мұңаймашы, сәулешім.
Гүлім сенсің нәзік өскен –
Сыр айнасы, сәулешім.

Қайырмасы.

Күлімдеген күндерімде –
Күй өрісім, сәулешім.
Жабырқап бір жүргенімде –
Сүйенішім, сәулешім.

Қайырмасы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу