Өлеңдер ✍️

  22.02.2022
  183


Автор: Абдрахман Асылбек

Ардағым да сен

Әнін жазған Медеу Арынбаев

Айналайын, жаным, қайда жүрсің?
Жүрсең де сен қайда, ойда жүрсің.
Сағындым ғой көптен көрмегелі,
Құралайдай көрікті ардағымсың.
Жүрсең де сен қайда, барсам деймін,
Тілегімді қабыл алсаң деймін.
Бұдан артық төзім жетер емес,
Құшып тұрып өзіңді,
Әніме салсам деймін.

Қайырмасы:
Ардағым да сенсің,
Арманым да сен,
Бір өзіңді таңдадым.
Саңлағым да сен,
Таңдарым да сенсің,
Жан-жарым да сен,

Бұл әнімді арнадым мен,
Бір өзіңді таңдадым мен.
Тек өзіңмен самғадым мен,
Өмірімді жалғадың сен.
Көктемдегі күндей елжіредің,
Бөктердегі гүлдей желбіредің.
Саған қарап жаным нұрға толды,
Жанардағы бір тамшы
Моншақтай мөлдіредің.

Қайырмасы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу