Өлеңдер ✍️

  22.02.2022
  113


Автор: Абдрахман Асылбек

Астана

Әнін жазған Медеу Арынбаев

Қазақтың кең байтақ даласы,
Алтай мен Атырау арасы.
Сарыарқа жерінде,
Орнады төрінде
Асқақ арманды қаласы.
Бабалар бастаумен баршаны,
Керемет қаланы аңсады.
Ақ тілек алау боп,
Жайқалған жалау боп,
Сәнді сарайлар самсады.

Қайырмасы:
Астана,
Астана!

Жарқыраған жас қала.
Жерімнің кіндігі,
Елімнің бірлігі,
Жасай бер,
Жасай бер, Астана!
Жағалай ерекше Есілді,
Нұр қала, гүл қала көсілді.
Астана наздана,
Мезгілде аз ғана
Қазақтың мерейін өсірді.

Қайырмасы.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу