Өлеңдер ✍️

  22.02.2022
  145


Автор: Абдрахман Асылбек

Бақыттымын мен

Әнін жазған Медеу Арынбаев

Сағынып келем,
Қамығып келем.
Өзіңді аңсап,
Асығып келем.
Асыл жарым сен,
Қасыңдамын мен.
Өзіңмен, жаным,
Бақыттымын мен.
Еркетайым-ай,
Көркем айым-ай.
Сенің көзіңнен
Бақыт сезінем.
Жанды тербейсің
Жарқын сөзіңмен.
Сені ойлаумен,
Талып көз ілем.

Қайырмасы:
Сүйемін сені,
Сүйіктім менің.
Өзіңсіз, жаным,
Атпайды таңым.
Күнім де сенсің,
Гүлім де сенсің.
Сәнім де сенсің,
Әнім де сенсің.
Қайда барсақ та,
Айға қонсақ та,
Боламыз бірге,
Сонда қалсақ та.
Күндіз де, түнде
Боламыз бірге.
Бөгет болмайды,
Алла қолдайды.

Қайырмасы:
Өзіңмен, сәулем,
Қызықты дәурен.
Көңілім шуақ,
Өмірім жұмақ.
Сен үшін, жаным,
Жеткенше әлім,
Жасаймын бәрін,
Жасай бер, әнім,
Жасай бер, жаным.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу