Өлеңдер ✍️

  22.02.2022
  169


Автор: Абдрахман Асылбек

Бар тілегім бір сенде

Әнін жазған Медеу Арынбаев

Жаным-ау, жайдарлым,
Жарқырап жанасың жұлдыздай,
Көзіңнен айналдым,
Тартасың өзіңе құндыздай.

Қайырмасы:
Мен қайда жүрсем де,
Ойнасам да, күлсем де,
Сағынған сәулем-ау,
Бар тілегім бір сенде.
Айым да өзіңсің,
Жұлдызым да өзіңсің.
Бақытқа бөлеген,
Мөлдіреген сезімсің.
Бұлақтай мөлдірсің.

Еркем-ау, сен десем,
Желпінер жібектей қанатым.
Күн сайын көрмесем,
Таусылар төзім мен тағатым.

Қайырмасы.

Аңсаумен келемін,
Қазірше қашықтау арамыз.
Бәрібір сенемін,
Қашанда біз бірге боламыз.

Қайырмасы

Ойымда шырақсың,
Бойымдағы қуатсың.
Көгімнен төгілген
Көктемгі шуақсың.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу