Өлеңдер ✍️

  22.02.2022
  141


Автор: Абдрахман Асылбек

Сен үшін, жаным

Әнін жазған Медеу Арынбаев

Өмірімді,
Көңілімді
Арнадым саған.
Бір ән болып,
Қыран болып,
Самғадым саған.
Шыңдардан да,
Сындардан да
Сүрінбей өттім.
Таң нұры боп,
Ән-жырым боп,
Күлімдей жеттің.

Қайырмасы:
Сен үшін, жаным, көктемде,
Гүл іздедім бөктерде.
Сағыныш лебі өпкенде,
Айналдым әппақ кептерге.
Сен үшін, жаным, көктемде,
Дауысым талып жеткенше,
Өзіңді құшып-өпкенше,
Шыдам-тағат жоқ менде.

Тілдесуге,
Жүздесуге,
Асықтым саған.
Таппай тыным,
Мақтайтыным –
Ғашықпын саған.
Шаттансам да,
Мақтансам да,
Сен үшін, жаным.
Тербейтұғын,
Өлмейтұғын
Өзіңсің әнім.

Қайырмасы.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу