Өлеңдер ✍️

  22.02.2022
  143


Автор: Абдрахман Асылбек

Сұлуым да сенсің

Әнін жазған Медеу Арынбаев

Айналайын айым,
Сен бір – әппақ қайың,
Балғын денең балқып бұралған.
Жырлап әсем әнмен,
Сендей сұлу жанмен
Бірге жүру шалқып – бір арман.

Қайырмасы:
Сұлуым, сымбаттым,
Қол жетпес қымбаттвм,
Сезімді селдеттің,
Төзімді тербеттің.
Көктегі күнім-ай,
Көктемгі гүлім-ай.
Нұрым-ай,
Тамылжыған үнім-ай!

Саған ғана іңкәр,
Мен – арынды тұлпар,
Қазығыңа мәңгі байланған.
Сұлуым да сенсің,
Жылуым да сенсің,
Ең әдемі әнге айналған.

Қайырмасы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу