Өлеңдер ✍️

  22.02.2022
  132


Автор: Абдрахман Асылбек

Айналайын алтыным

Әнін жазған Медеу Арынбаев

Айналайын алтыным,
Есімде балғын бал күнің.
Асыл жарым – жарқыным,
Қимас қызық сол күндерде шалқыдым.
Айналайын алтыным,
Адалдығыңа тәнтімін.
Бірақ, кейде, қалқам-ай,
Ренжіткен кездер болды байқамай.

Қайырмасы:
Асыл арман-ай,
Атсын әппақ таңдар-ай.
Өмір, бірақ, өтпелі,
Созсам, қолым жетпеді,
Жарқын бейнең көз алдымнан кетпеді.

Айналайын алтыным,
Өзіңмен болған әр күнім
Сағынышқа айналды,
Елестетіп жанарыңның жарқылын.
Айналайын, ағайын,
Анаңдай асыл жұбайың.
Аңсап әнге салайын,
Қолдай гөрсін құдіретті Құдайым.

Қайырмасы:
Асыл арман-ай,
Атсын әппақ таңдар-ай.
Айналайын ардағым,
Қасыңдамын әрдайым,
Бұл әнімді бір өзіңе арнадым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу