Өлеңдер ✍️

  22.02.2022
  175


Автор: Ақберен Елгезек

* * *

Ауа болып енейінші өкпеңе!..
Өтінемін, «Кет» деме!
Меніменен тыныстасаң болғаны,
Маған басқа керек емес ештеңе!
Аптап күнде, шөл далада, қос басы,
Сусын болам, таңдайыңмен астасып!..
Сол сәтте сен рахаттана жұт мені,
Өзіме де керек емес басқасы!
Бұ Дүниеде қоғам – ала, жан – ала,
Суық ойлар ұйтқып соғар санаңа...
Тіпті желден жаурасаң да, маған кел,
Менің ыстық алақанымды панала!
Бақыт деген – қияндағы сый-көмбе,
Бас аяқты, қиындықтан именбей,
Соқпағың боп, еміреніп жатам мен
Табанынан періштенің сүйгендей!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу