Өлеңдер ✍️

  22.02.2022
  171


Автор: Абдрахман Асылбек

Мөлдір моншақтар

Әнін жазған Марат Омаров

Таң атады жаңа,
Мөп-мөлдір моншағын таға.
Таң атады жаңа,
Жайнайды жауқазын дала.
Көк төсінен құйылған
Мөлдір береке,
Жан тербеген сұлу ән
Ол бір мереке.

Қайырмасы:
Мөлдір моншақтар,
Ләззәт моншақтар.
Шіркін, есте мәңгі қалар ма,
Көктем жанарға
От боп қонар ма,
Махаббат мейір қанар ма.

Уа, махаббат мөлдір,
Ынтызар жүректің нәрі.
Уа, махаббат сен бір
Өмірдің өшпейтін сәні,
Тамшы болып тамасың
Бірде аспаннан.
Кәусар болып ағасың
Бірде бастаудан.

Қайырмасы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу