Өлеңдер ✍️

  22.02.2022
  157


Автор: Абдрахман Асылбек

Айналайын туған жер

Әнін жазған Әліби Әбдінұр

Сағынышым, аяулым, асыл әнім,
Туған жер деп ән салсам, ашыламын.
Кетсем шалғай кей кезде құстай ұшып,
Мен өзіңе жеткенше асығамын.

Қайырмасы:
Айналайын туған жер,
Таң-тамаша думанды ел.
Құлағыма әсем әуен құйған ел.
Туған жерім – таңымсың,
Жан тербеген әнімсің,
Туған елім.

Келе сала оранып құрағыңа,
Шомыламын мөп-мөлдір бұлағыңа.
Құрбылардың сыңғырлы күлкілері
Құйылады күй болып құлағыма.

Қайырмасы.

Жаңа туған жас бала, кәріміз де
Туған жерден нәр алдық бәріміз де.
Туған жердің төрінде думандатып,
Той тойласақ жарасар әніміз де.

Қайырмасы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу