Өлеңдер ✍️

  22.02.2022
  129


Автор: Абдрахман Асылбек

Осындай өлке қайда бар?

Әнін жазған Әліби Әбдінұр

Өлкеміз бақыттың мекені,
Жазира жазық жайлауы.
Ертегі таулардың етегі,
Қызыққа толы қойнауы.

Қайырмасы:
Әр күні әсерлі ән-думан,
Төрінде жаның жай табар.
Бабалар біздерге қалдырған,
Осындай өлке қайда бар?

Қалықтап аққу мен қаз қонған,
Айдынды айна көлдері.
Көңілге сүйкімді саз қонған,
Желпінтіп өтсе жел лебі.

Қайырмасы:

Кең байтақ өрісті өлкеміз,
Жерұйық жердің көркемі.
Керемет күйлерді шертеміз,
Мадақтап өскелең өлкені.

Қайырмасы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу