Өлеңдер ✍️

  22.02.2022
  149


Автор: Абдрахман Асылбек

Тамаша-думан

Әнін жазған Әбиірбек Тінәлі

Көз жіберіп қарасаңыз,
Биіктеген аласамыз.
Бүгінгі күн – мерекеміз,
Тамашамен жарасамыз.

Қайырмасы:
Басталады,
Басталады
Тамаша-думан.
Басталады
Жастар әні
Тамаша-думан.
Асқаралы,
Астаналы
Тамаша-думан.
Асқақ әні –
Достар әні,
Тамаша-думан.

Тамашаға келіңіздер,
Билеп-билеп беріңіздер,
Күй де тартып көріңіздер,
Бар өнерді төгіңіздер.

Қайырмасы.

Тамашасыз өмір бекер,
Өмір бекер – тегін кетер.
Тамашамен көңіл көтер,
Өмір жүгін жеңілдетер.

Қайырмасы.

Жаны жарқын жас-кәріміз,
Ашық болсын аспаныңыз.
Тағы келер тамашада
Бір қосылсын бастарымыз.

Қайырмасы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу