Өлеңдер ✍️

  22.02.2022
  119


Автор: Абдрахман Асылбек

Ана тілін білмеймін

Әнін жазған Әбиірбек Тінәлі

Ана тілін білмеймін,
Баба тілін білмеймін.
Қасиетті халқымның
Дана тілін білмеймін. 2 рет
Түсінбеймін тіл әрін,
Түсінбеймін бір әнін.
Туған елдің алдыңда
Таудай екен күнә мың. 2 рет
Өсе келе түсіндім,
Өсе келе қысылдым.
Өзге тілдің алдында
Өз құнымды түсірдім. 2 рет
Тілім екен мерекем,
Тілім екен берекем.
Ана тілін білмейтін,
Мәңгүрт деген мен екем. 2 рет
Ана тілдің есігін,
Ашып отыр кеш ұлың.
Кеш те болса еш болмас,
Жаса, халқым, кешірім. 2 рет




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу