Өлеңдер ✍️

  22.02.2022
  129


Автор: Абдрахман Асылбек

Ұйықта, бөпем

Әнін жазған Әбиірбек Тінәлі

Күлкің сенің таң нұрындай арайлы,
Тереземнен сәуле болып тарайды.
Мойныма сен еркелеп кеп асылсаң,
Болашағым бақытымдай қарайды.

Қайырмасы:
Ұйықта, күнім, бөбегім,
Анаң айтсын өлеңін.
Ұйықта, ұйықта, балашым,
Әлдилеуде анашың.
Бейбіт күнде өмір сүрген,
Бақытты бір баласың!

Анаң отыр өзің үшін ән құрап,
Айналайын бал бөбегім – бал құрақ.
Неткен ғажап, неткен сұлу тыныш түн,
Сен жатырсың құшағыңда балбырап.

Қайырмасы.

Анаң отыр бесігіңді тербетіп,
Еш қызық жоқ сенен басқа менде түк.
Аялаймын, аймалаймын, жан балам,
Қашан адам болғаныңша ер жетіп.

Қайырмасы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу