Өлеңдер ✍️

  22.02.2022
  200


Автор: Абдрахман Асылбек

Ұрпақ үні

Әнін жазған Әбиірбек Тінәлі

Аман болсам халқым үшін,
Халқым үшін – жалпың үшін,
Ата-бабам салып кеткен
Аянбаймын салтым үшін.
Шабытымның шалқуы үшін,
Жалғасады жарқын ісім.
Аялаймын асылымды,
Тоқталғанша бар тынысым.
Әнсіз, күйсіз неткен өмір –
Мағынасы кеткен өмір.
Ата салтын ақтамасаң,
Өкінішпен өткен өмір.
Әнмен, күймен өткен емір
Гүл-бәйшешек көктем өмір.
Келер ұрпақ бақыты үшін
Шұғыласын төккен өмір.
Асау өзен ағысындай,
Арғымақтың шабысындай.
Әндерім мен күйлерімді
Қорғап өтем намысымдай.
Асыл мұра – арым екен,
Бойымдағы дарын екен.
Сақтамасақ салтымызды,
Бұл өмірдің бәрі бекер.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу