Өлеңдер ✍️

  20.02.2022
  162


Автор: Абдрахман Асылбек

Сағыныш саздары

Әнін жазған Алтынбек Қоразбаев

Жұпар исі аңқыған,
Туған жерді сағындым.
Ән мен жыры шалқыған,
Думанды елді сағындым.
Жұлдыздары самсаған,
Түнгі аспанды сағындым.
Сәл көрмесе аңсаған,
Құрдастарды сағындым.
Жетелеген мың арман,
Бала кезді сағындым.
Тал шыбықтай бұралған,
Қара көзді сағындым.
Аққу ұшып, қаз қонған,
Көлдерімді сағындым.
Тайға мініп мәз болған
Белдерімді сағындым.
Жазиралы, гүл бақты
Даламды кең сағындым.
Аяулы да қымбатты
Анамды мен сағындым.
Селт еткізген сезімді
Аруларды сағындым.
Бәрінен де өзімді
Сағынғанды сағындым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу