Өлеңдер ✍️

  20.02.2022
  138


Автор: Абдрахман Асылбек

Аяулымсың – әнімсің

Әнін жазған Алтынбек Қоразбаев

Талмай жұтып тамаша таң самалын,
Шаттық кернеп кеудемді, тамсанамын.
Арман қуып алаңсыз жүргенімде,
Ардағым боп жолықтың, аңсағаным.

Қайырмасы:
Аяулымсың, әнімсің,
Арайлымсың, таңымсың.
Бойымдағы сәнімсің,
Ойымдағы нәрімсің.
Шаттық сыйлар жаныма
Күнде шырқар әнімсің.

Арасынан жарқ етіп сағым нұрдың,
Жанымды ұғар бір жанның барын білдім.
Таңғы шықтай сезімді табындырдың,
Табыңдырдың, өзіңді сағындырдың.

Қайырмасы:

Айдын көлде ақ жібек желкенім боп,
Желкенім боп көріндің, көркемім боп,
Арман бар ма бірге өтсе бал күндерім,
Еліктірдің сен мені ертегім боп.

Қайырмасы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу