Өлеңдер ✍️

  20.02.2022
  202


Автор: Абдрахман Асылбек

Ақ дегелек

Әнін жазған Алтынбек Қоразбаев

Ақ дегелек – аппақ қана аруым,
Әсем еді баптап қанат қағуың.
Жақсылықтың, жақсы үміттің құсы деп,
Ардақтайтын сені бүкіл ауылым.
Ақдегелек – таранушы ең паңдана,
Сымбатыңа қараушы едім таңдана.
Жылы ұяңды, бізді тастап бір күні,
Кеттің ұшып мекенің боп маң дала.
Ақдегелек – сағынышым, – сұлуым,
Суытпашы жүрегіңнің жылуын.
Туған жерден қанша алыстап кетсең де,
Керек-ақ қой мойныңды бір бұруың.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу