Өлеңдер ✍️

  20.02.2022
  115


Автор: Абдрахман Асылбек

Әппақ қарлар

Әнін жазған Гүлнар Дәукенова

Әппақ қарлар мамық –
Пәктігім ғой анық.
Әппақ қарлар.
Ақ сақалды ата
Айтқан алғыс бата –
Әппақ қарлар.
Әппақ түсті мақта,
Әппақ қысқы бақ та,
Әппақ қарлар.
Таңдарым да әппақ,
Арманым да әппақ,
Әппақ қарлар.

Қайырмасы:
Әппақ қарлар таңым екен,
Әппақ қарлар жаным екен.
Әппақ қарлар арым екен,
Әппақ қарлар әнім екен.

Әппақ ана мейір,
Әппақ адал пейіл,
Әппақ қарлар.
Әппақ ынтық жүрек,
Әппақ ізгі тілек,
Әппақ қарлар.
Ай нұры да әппақ,
Айдыным да әппақ,
Әппақ қарлар.
Әппақ барлық әлем,
Ақ көңілден сәлем,
Әппақ қарлар.

Қайырмасы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу