Өлеңдер ✍️

  20.02.2022
  188


Автор: Абдрахман Асылбек

Анашым

Әнін жазған Гүлнар Дәукенова

Алтыным, анашым,
Жарқыным, анашым,
Өзіндей асыл жан бар ма?
Осынау ғаламда,
Ұғынған адамға
Анадан артық ән бар ма?
Күнім боп күлсін деп,
Гүлім боп жүрсін деп,
Өсірдің ерке аялап.
Суыққа сүйдірмей,
Ыстыққа күйдірмей,
Бола да білдің сая бақ.

Қайырмасы:
Аяулы анашым, данашым,
Әлемде ең қымбат жан асыл.
Жадымда жарқырап жанасың,
Асыл ана!
Әнім ана,
Таңым ана,

Жаным, ана, Анашым!
Бақшалы бауым ең,
Асқарлы тауым ең,
Аяусыз ажал қойды ма?
Қалайша қидым мен,
Қалайша сидың сен,
Қараңғы жердің қойнына?
Мәңгілік нұр болып,
Менімен бір болып,
Қасымда неге қалмадың?
Десе де үзілдің, өшпейтін ізіңмін.
Анашым, әппақ арманым!

Қайырмасы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу