Өлеңдер ✍️

  20.02.2022
  180


Автор: Абдрахман Асылбек

Қазағымның даласы

Әнін жазған Бейбіт Оралұлы

Тәуелсіздік таңдары жарасқан
Қазағымның даласында.
Күмбездері көкпенен таласқан,
Қанат жайды, қаласы да.

Қайырмасы:
Ай! Дарқан елім-ай! Жерім-ай!
Ай! Шалқар көлім-ай, көңіл-ай!
Ай! Асқар тауым-ай! Көгім-ай!
Ай! Бақша бауым-ай, елім-ай!

Сүйе білу осындай Отанды,
Қандай бақыт махаббатты.
Жалт қаратып, өзіне жаһанды,
Ән таратты шапағатты.

Қайырмасы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу