Өлеңдер ✍️

  20.02.2022
  125


Автор: Абдрахман Асылбек

Алматыма қарашы

Әнін жазған Бейбіт Оралұлы

Жүрсең сен аясында Алматының,
Табасың саясында жанға тыным.
Қайтесің Қаратеңіз, Қырымдарды
Артық жер Алматыдан бар ма күнім?

Қайырмасы:
Қазағымның қаласы,
Алматыға қарашы.
Өркен жайып өрлеген,
Алматыға қарашы.
Алматыға қарашы.

Жастардың жарасымды жан жүрегі,
Жырлайды Алматы деп ән жүрегі.
Тамсанып кереметтей келбетіне,
Жарқ еткен жанарлардан таң күледі.

Қайырмасы.

Ақ басты аймалаған Алатауы,
Ақ үйлер, ақ шағала, ақ отауы.
Алматы әнді қала, сәнді қала,
Алматы қазағымныңбақ отауы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу