Өлеңдер ✍️

  20.02.2022
  188


Автор: Абдрахман Асылбек

Ағаларым-ай

Әнін жазған Бейбіт Оралұлы

Асыл ағалар –
Аяулы ақ тілек армандар.
Батыл ағалар –
Жастықта жалын боп жанғандар.
Ардақты ағалар,
Сендермен алтын таң ағарар,
Аман бол, аман бол, ағалар.

Қайырмасы:
Ағаларым-ай,
Даналарым-ай.
Елден ерекше
Бағаларың-ай.
Алтын ағалар,
Жарқын ағалар,
Халқың бағалар.

Асыл ағалар –
Жайқалған жасыл құрақтар.
Ақыл ағалар –
Өмірлік өшпейтін шырақтар.
Асыл ағалар –
Желменен жарысқан пырақтар,
Арманға жеткізер мұраттар.

Қайырмасы:

Асыл ағалар –
Өздерің өмірдің тынысы.
Ақыл ағалар –
Өздерің елімнің ырысы.
Ардагер ағалар,
Сендерді бүкіл ел бағалар,
Аман бол, аман бол, ағалар.

Қайырмасы.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу