Өлеңдер ✍️

  20.02.2022
  143


Автор: Абдрахман Асылбек

Ботагөзім – ардағым

Әнін жазған Бейбіт Оралұлы

Ботаның көздерінен аумай қалған,
Көздерің төңкеріліп, аунай қалған.
Өзіңді көрген сайын тағат таппай,
Бір арман жүрегімде лаулай жанған.

Қайырмасы:
Ботагөзім – ардағым,
Тал бойыңда бар ма мін?
Арулардың ішінен
Бір өзіңді таңдадым.
Ботагөзім – ардағым,
Алтын арай таңдарым.
Әуелеген әнімді
Бір өзіңе арнадым.

Қазақтар ботам деген қымбаттысын,
Ботагөз, бота сынды сымбаттысың.
Табиғат шеберлікпен құя салған,
Қияннан көз тартады сұңғақ мүсін.

Қайырмасы.

Кезігер бір-ақ рет өмір бағы,
Көншімес оны таппай көңіл бабы.
Өтейін аялаумен сылап-сипап,
Ботагөз, ботам болшы менің-дағы.

Қайырмасы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу