Өлеңдер ✍️

  20.02.2022
  149


Автор: Абдрахман Асылбек

Гүлім-гүлім

Әнін жазған Бейбіт Оралұлы

Аспандағы айым
Нұрын төккен сайын
Алаулайды жүрегім
Сені көрген сайын.
Жалт-жұлт етіп жанған,
Арман болып қалған
Арман, жалған-ай.

Қайырмасы:
Гүлім, гүлім, гүлімсің –
Гүлім деген құрбымсың.
Желбіреп желегің,
Бақытқа бөледің.
Гүлім, гүлім, гүлімсің –
Күлімдеген бір мүсін,
Сен күнбісің?

Сені гүлге балап,
Тамсанамын қарап.
Сағат сайын көрмесем,
Таусылады тағат.
Гүлім, гүлім қызығым,
Гүлім – нәзік үзігім,
Алтын жүзігім.

Қайырмасы.

Айналайын еркем –
Айдындағы желкен.
Өзіңменен бір жүрсек,
Бұл дүние көркем.
Гүлім, гүлім, гүлімсің,
Мәңгі гүлімсің.

Қайырмасы.

Жүрсек те біз қайда,
Таң-тамаша жайда,
Шашу етіп гүл шоғын,
Шаттанамыз, айда!
Бұл өмірдің бәрі гүл,
Бұл өмірдің нәрі гүл,
Бәрі, бәрі гүл.

Қайырмасы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу