Өлеңдер ✍️

  20.02.2022
  163


Автор: Абдрахман Асылбек

Неге

Әнін жазған Бейбіт Оралұлы

Неге мөлдір бұлақ?
Неге желбір құрақ?
Өмір толы сұрақ.
Ойлашы
Неге қыздар нәзік?
Бірақ, Темірқазық.
Бойды біраз жазып,
Бойлашы.

Қайырмасы:
Шұғылаңды төге,
Тарттың мені неге?
Неге, неге, неге?
Шуақтым?
Сені алғаш көре,
Бар ынтамды бере,
Неге, неге, неге?
Ұнаттым?

Сезім – терең теңіз,
Махабатқа негіз.
Неге жүрек егіз?
Білдің бе?
Қыз бен жігіт күнде,
Қыдырмаса бірге,
Өкпелейді кімге,
Бұл күнде?

Қайырмасы.

Қарап тұрсын саған,
Секілді бар ғалам,
Қолыңды тез маған
Ұсыншы.
Қос жүрекке сене,
Қосылмаймыз неге?
Неге, неге, неге?
Түсінші.

Қайырмасы.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу