Өлеңдер ✍️

  20.02.2022
  120


Автор: Абдрахман Асылбек

Сол бір кездер

Әнін жазған Бейбіт Оралұлы

Сол бір кездер, сол шақта,
Мөлдір сезім мол шақта,
Гүл жайнадық, нұр жайнадық,
Ұқсап маржан моншаққа.
Артқа тастап көктемді,
Асыппыз-ау көп белді.
Аңқылдаған, ән тыңдаған
Армандаймыз өткенді.

Қайырмасы:
Сол бір кездер қайда,
Сол бір кездер?
Қызығына қандың ба?
Таңғы шықтай тұнық
Мөлдір көздер,
Не тосып тұр алдыңда?

Жыл артынан жыл өтті,
Жанымды мұң жүдетті.
Бұл күнде сен сілкінбесең,
Кім жұбатар жүректі?
Махаббатты жырлауда,
Өмір шіркін зырлауда.
Алқынбасаң, жарқылдасаң,
Дайын сені тыңдауға.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу