Өлеңдер ✍️

  20.02.2022
  205


Автор: Абдрахман Асылбек

Тойбастар

Әнін жазған Кеңес Дүйсекеев

Егеменді, еңселі елім барда,
Жерұйықты, жұмақты жерім барда,
Шаша берсін шашуын дарқан халқым,
Баса берсін өркендеп өмір алға.

Қайырмасы:
Ата салты тойбастар қазағымның,
Бастамасы жайдары наз әнімнің,
Толқып-тасып теңіздей шайқалады,
Бар әлемге танытып ғажап үнін.

Жеткен сайын жеңіске асқаралы,
Елімізде думан-той басталады.
Байрағымыз желбіреп көгімізде,
Аялаймыз Ақорда – Астананы!

Қайырмасы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу